Арманбек Омиргали

Бақылау кеңесінің төрағасы

Арманбек Өмірғали 1989 жылы туған.

2010 жылы Арманбек Өмірғали Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ “Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары” мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы Халықаралық Бизнес Академиясының “Менеджмент” мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі дипломын алды. Бірқатар ғылыми мақалалар мен инновациялық патенттердің авторы.

“Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ жүйесіндегі еңбек жолын 2012 жылы “Волковгеология”АҚ 1 санатты инженер - конструктор ретінде бастады.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ ғылыми-технологиялық жобалар департаментінің директоры болып табылады.