Авдеев Александр Борисович

Бас директордың ҒЗЖ жөніндегі орынбасары

Қазақ химия-технологиялық институтының түлегі, Шымкент қ. (инженер-механик) 1987 ж.

2017 жылы Мәскеу тау-кен университетінде (НИТУ МИСИС) "Тау-кен өндірісі менеджменті" мамандығы бойынша MBA дәрежесін алып, сондай-ақ Томск политехникалық университетінде "Уран кен орындарының геологиясы" (2020) бағыты бойынша оқыған.

Оқуды аяқтағаннан кейін еңбек жолын 1987 жылы Қаратау химия зауытында байыту фабрикасының механигі болып бастады.

2003 жылдан 2008 жылға дейін "INCOMTYRE" АҚ-да өндірістік-техникалық блоктың және технологиялық инновациялардың вице-президенті және басқарушы директоры лауазымдарында жұмыс істеді.

2008 жылдан 2018 жылға дейін "Заречное БК" АҚ бас инженері және Бас директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2018 жылдан 2021 жылға дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ еншілес кәсіпорны "Аппақ" ЖШС Бас директоры болып жұмыс істеді.

2022 жылы "ISL Metals Group" ЖШС бас инженері болды.

2023 жылдан 2024 жылға дейін "ЮрАзия Энерджи Холдингс ЛТД" компаниясында өндіріс жөніндегі басшының орынбасары қызметін атқарды

2024 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "ЖТИ" ЖШС ПКУ жобасының бас инженері болып жұмыс істейді.

Мынадай марапаттары мен жетістіктері бар:

•2013 ж. — III дәрежелі "Қазақстан Республикасының атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" құрметті төсбелгісі (қола белгі);

•2018 ж. - II дәрежелі "Қазақстан Республикасы Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" құрметті төсбелгісі (күміс белгі);

•2020 ж. — "KAZENERGY" қауымдастығының "Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика кешенін дамытқаны және еңбек сіңірген еңбегі үшін" медалі.

•Жалпы жұмыс өтілі: 37 жыл, "Қазатомөнеркәсіп ҰАК" АҚ жүйесінде-13 жыл 4 ай.