Бостанова Салтанат Жалгасбаевна

Бақылау кеңесінің мүшесі

Бостанова Салтанат Жалгасбаева
Қадағалау кеңесінің мүшесі
12.09.1980 жылы дүниеге келген.
2001 жылы Бостанова Салтанат Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады.
2001-2003 жылдары ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ-ның Коммерциялық департаментінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.
«Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ жүйесіндегі еңбек қызметін 2003 жылы «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ «№6 Кен басқармасы» филиалының Заң қызметінің жетекшісі, 2005-2012 жылдары «Тау-кен компаниясы» ЖШС Заң департаментінің бас менеджері болып бастады.
Қазіргі уақытта «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК»  АҚ Заң департаментінің Бас сарапшысы болып табылады.