«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұтыс ойындарын өткізбейді және мемлекеттік субсидиялар бермейді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ атынан атом компаниясының 25 жылдығына арналған мемлекеттік субсидия туралы сілтеменің таралуына байланысты Қазатомөнеркәсіп төмендегіні хабарлайды.

Сауалнамадан өткеннен кейін сыйақы алуға қатысты таратылатын ақпарат «жалған» болып табылады және шындыққа сәйкес келмейді. Бұл сілтеменің Қазатомөнеркәсіпке еш қатысы жоқ.

Қазатомөнеркәсіп мұндай ұтыс ойындарын ешқашан өткізбегенін және өткізбейтінін атап өткіміз келеді.

Компания туралы барлық ақпарат ресми сайтта және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жарияланады:

Сайт: https://www.kazatomprom.kz/

Facebookhttps://www.facebook.com/kazatomprom.kz/

Twitterhttps://twitter.com/NAC_Kazatomprom

LinkedInhttps://www.linkedin.com/company/js-nac-kazatomprom-

Instagramhttps://www.instagram.com/kazatomprom/

Youtubehttps://www.youtube.com/channel/UC5NoCBIU4rm7JLolDEzKDYw