Ұлттық атом компаниясы «Қаржылық емес сектордағы 2021 жылғы ең үздік жылдық есеп» және «2021 жылғы жылдық есептің ең үздік интерактивті нұсқасы» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, Қазатомөнеркәсіп экономиканың қаржылық емес секторының листингілік компаниялары арасында 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Ашықтыққа ұмтылғаны үшін» KASE дипломымен марапатталды.
Деректерді барынша ашу және верификациялау, оның ішінде GRI стандарты бойынша «Core Option» деңгейін ашуға қол жеткізу нәтижесінде Қазатомөнеркәсіп аталған үш номинация бойынша екінші жыл қатарынан жүлдегер болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазатомөнеркәсіптің 2021 жылғы біріктірілген жылдық есебі халықаралық компаниялар мен рейтингтік агенттіктердің ең жоғары наградаларымен атап өтілген болатын.