БАҚ арасында Қазақстанның атом саласының дамуы тақырыбындағы ең үздік жарияланымдарға байқау жарияланды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) мен «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі - АӨҚСК) БАҚ қызметкерлері арасында Қазақстанның атом саласының дамуы тақырыбында ең үздік жарияланымдарға байқау жариялайды.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік телевизиялық материал»;

2) «Үздік радиоматериал»;

3) «Баспасөз басылымдарындағы үздік жарияланым»;

4) «Интернет-БАҚ-тағы үздік жарияланым»;

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері – Қазақстан Республикасының атом саласын дамытудың өзекті мәселелеріне жұртшылық назарын аудару, Қоғамның және АӨҚСК-тың жағымды имиджін қалыптастыру және іскерлік беделін нығайту, елдің атом өнеркәсібіндегі жетістіктер туралы халықтың ақпараттандырылу деңгейін көтеру, сондай-ақ үздік БАҚ өкілдерін анықтау және ынталандыру болып табылады.

Байқауға қатысуға журналистер (штаттағы/штаттан тыс) мен қазақстандық және халықаралық БАҚ (Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткен) редакциялық ұжымдар шақырылады.

Байқауға 2020 жылдың 1 қаңтары мен 15 қарашасы аралығында баспа және электрондық БАҚ (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) эфирге  шыққан және жарияланған материалдар қабылданады.

Байқауға қатысуға өтінімдер pratkazatomprom.kz электронды поштасына немесе Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, E 10 көш., 17/12 үй мекен-жайы бойынша Қоғамның IR және PR департаментіне жолданады.

Өтінімдер 2020 жылдың 1 қазанынан 15 қарашасына дейін қабылданады. Конкурстық жұмыстарды іріктеу және байқаудың қорытындыларын шығару 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін өткізіледі. Конкурс жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі 2020 жылдың 10 және 31 желтоқсан аралығында өтеді. Номинациялар бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Байқау шарттары туралы толық ақпаратпен Қоғамның www.kazatomprom.kz интернет-ресурсында (медиа бөлімі) танысуға болады.