Қазатомөнеркәсіп ағымдағы ахуал туралы хабарлайды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») елдің кейбір аймақтарындағы тәртіпсіздіктерге байланысты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі енгізілгенін және террористік қауіптің жоғары деңгейі туралы хабарлайды.

2022 жылғы 2 қаңтарда Маңғыстау облысында митингілер басталып, тұрғындар сұйытылған газ бағасын мемлекеттік реттеуді шектеуден кейін тез өсіп кеткен сұйытылған газдың (бензиннің баламасы ретінде кеңінен пайдаланылатын) бөлшек сауда бағасын төмендетуді талап етті. Митингілер сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларында да жалғасып, Алматы қаласында кең ауқымдағы террорлық тәртіпсіздіктерге ұласты. Осыған байланысты бүкіл Қазақстан аумағында төтенше жағдай (ТЖ) режимі енгізілді. ТЖ режимі нәтижесінде бұқаралық іс-шаралар мен жиындарға тыйым салынып, аймақтарға кіру-шығу және қозғалу еркіндігі, сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында интернет байланысы шектелді. Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылданды. Президент бірқатар шұғыл тапсырмалар беріп, газ, бензин және дизель отындарының шекті бағасы белгіленді, Үкіметтің отставкасы қабылданды, бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді. Алматыда ауқымды антитеррорлық операция жүріп жатыр, елдің барлық аймақтарында лаңкестерге қарсы операция режимі орнатылды.

Компания өндірістік алаңдарда жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу үшін және туындаған мәселелерге шұғыл әрекет ету үшін қажетті барлық шараларды қабылдауда. Өндірістік нысандарда күшейтілген қауіпсіздік шаралары енгізіліп, кәсіпорындардағы барлық әкімшілік кеңселері жағдай қалпына келгенге дейін қашықтан жұмыс істеуге көшірілді, болып жатқан оқиғалар туралы қызметкерлерді дер кезінде ақпараттандыру үшін тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық ұйымдастырылды.

7 қаңтардағы жағдай бойынша Компанияның уран өндіруші кәсіпорындары, өндірістік нысандары мен кеңселері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алайда Компания кей аймақтардағы темір жол қатынасында үзілістер мен ішінара тоқтауларға байланысты Компанияның өндірістік процесін қолдауға қажетті кейбір маңызды компоненттерді жеткізу тізбегінде үзілістер болу қаупін жоққа шығармайды. Қазатомөнеркәсіп қызметтің үздіксіздігін, қауіпсіздігін және өз қызметкерлерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қажетті шараларды дер кезінде қабылдау үшін елдегі ахуалды бақылауды жалғастыра береді және елдегі жағдайдың дамуына қарай ақпаратты жаңартып отырады.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pratkazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі  www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.