Қазатомөнеркәсіп Румыния АЭС үшін уран жеткізуді сәтті жүзеге асырды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) Societatea Natională «Nuclearelectrica» S.A. («SNN») энергия компаниясына табиғи уран концентраттарын жеткізудің сәтті жүзеге асырылғаны туралы хабарлайды. SNN – ядролық отын өндірумен айналысатын, сондай-ақ Румынияда энергия өндірудің шамамен 20% қамтамасыз ететін Чернаводск атом электр станциясының операторы болып табылатын Румынияның электр энергетикасы және жылумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік компаниясы.

2022 жылғы желтоқсанда Қазатомөнеркәсіп Румынияның атом энергетикасының қажеттіліктері үшін уран тотығын жеткізуге арналған SNN ашық тендерінің жеңімпазы болып танылды. Келісімшарт талаптарына сәйкес Компания табиғи уранды SNN зауытына дейін жеткізді. Қазатомөнеркәсіп өз өнімдерін Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) арқылы экспорттады, оны Компания 2018 жылдан бері белсенді пайдаланып келеді.

Қазатомөнеркәсіп әлемдік ядролық отын нарығындағы сенімді әрі артықшылыққа ие жеткізуші ретінде өнім жеткізу географиясын әртараптандыру және жаңа өткізу нарықтарына шығу жөніндегі жұмысын жалғастыра береді.

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

 

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Ерлан Мағзұмов, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Электрондық пошта: iratkazatomprom.kz

 

Қоғаммен байланыс мәселелері және БАҚ сұрақтары бойынша

Сабина Кумурбекова, GR және PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 22

Электрондық пошта: pratkazatomprom.kz

 

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 24% мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал Топтың негізгі клиенттері – Атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот-нарықта тікеле Создать Div-контейнерй өзінің Астанадағы (Қазақстан) корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы Trading House KazakAtom (ТНК) еншілес сауда компаниясы арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: https://www.kazatomprom.kz.

 

Societatea Natională «Nuclearelectrica» S.A. компаниясы туралы

Nuclearelectrica SA ұлттық компаниясы – Румынияның Энергетика министрлігі басқаратын Румынияның электр, жылу және ядролық отын өндіретін мемлекеттік компаниясы. Компания 2013 жылы Қор Биржасында листингтен өткеннен кейін акциялардың 82,49%-ы мемлекетке, ал 17,50%-ы басқа акционерлерге тиесілі.

SNN – әлемдегі 400-ден астам атом станцияларының ішіндегі ең жоғары өнімді блоктардың бірі болып табылатын 2 CANDU энергия блогын басқаратын Чернавод атом электр станциясы (CNE) филиалының иесі. Компанияның CANDU-6 реакторына арналған ядролық отын шығаратын зауыты бар және компанияның ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларын қолдау мақсатында уран концентратын қайта өңдеу желісін сатып алу арқылы интеграцияланған отын циклін жүзеге асыру жүріп жатыр.

Жалпы энергия өндірісінде атом энергиясының 18%-дан астамын және Румынияда CO2 шығарындылары жоқ жалпы энергия өндіруде 33% қамтамасыз ететін SNN ұлттық деңгейде маңызды рөл атқарады.

Компанияның сайты: www.nuclearelectrica.ro

 

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.