Қазатомөнеркәсіп Юкия Аманоны еске алады

Қазатомөнеркәсіп өмірден озған Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің басшысы Юкия Аманоның жарқын бейнесін еске ала отырып, оның агенттіктегі он жылдық жұмыс кезеңінде атқарған ерен еңбегіне тағзым етеді.  Компания және оның Басқармасы марқұмның отбасына, достарына және әріптестеріне көңіл айтады.

«Юкия Амано сала үшін күрделі бір уақытта әлемдік бейбіт атом саласына деген сенімнің нығаюына үлкен үлес қосты, енді оның сарқылмас күш-қайраты жетпей тұратын болады, - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. – Ол үнемі біздің саланың барлық қатысушылары жауапкершілікпен жұмыс істеуі, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды дамытуға ықпал етуі қажеттігін атап көрсетті».