Хабарландырулар

Білім беру саласындағы ынтымақтастық

ЖШС «Жоғары технологиялар институты» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен (www.kaznu.kzбелсенді жұмыс істеуде. ЖШС «Жоғары технологиялар институтының» 15 қызметкері индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (ГПИИР-2) бойынша «Бейорганикалық материалдардың химиялық технологиясы», «Наноматериалдар және нанотехнологиялар», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша магистрлік бағдарламасын табысты аяқтады. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оқу барысында магистранттар Санкт-Петербург технологиялық институтында, AGH University of Science & Technology (Краков қ., Польша) тәжірибе алды.

Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының оқытушылары ЖШС «Жоғары технологиялар институтында» қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсынан өтті. Бұл өндіріс пен академиялық саланың интеграциялануына тағы бір қадам болып табылады.