Қазақстанның ядролық университеті Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде 2004 жылдың қыркүйек айында құрылды (2004 ж. 01 наурыз № 59 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Президентінің жарлығы).). 2016 жылдың сәуірінен бері - «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-нің филиалы. Қазақстанның ядролық университеті қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау, оқыту, білім беру және лицензияланған қызмет түрлеріне байланысты міндетті оқыту курстарын ең алдымен уран өндіруші компаниялар үшін ұйымдастырады және өткізеді (радиациялық қорғау және қауіпсіздік, өндірістік қауіпсіздік, қауіпсіздікті сақтау және еңбекті қорғау және т.б.)
Қазақстанның ядролық университетінің миссиясы:
- Атом саласының ерекшеліктерін ескере отырып «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ кәсіпорындарының білікті мамандарының қажеттіліктерін қанағаттандыру
- Компанияның қажеттіліктері мен стратегиялық мақсаттарына сәйкес үздіксіз мақсатта және білім беру стандарттарына сәйкес қызметкерлердің жүйелі ұйымдасқан процесін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады
Қызметтердің негізгі бағыттары:
- Арнайы даярлау, қайта даярлау, курстарды өткізу, басшылық және инженерлік қызметкерлердің, жұмысшылардың біліктіліктілігін жоғарлату, оның ішінде радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді арнайы даярлау.
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ кәсіпорындарының кадрларды даярлау деңгейін бағалау.
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ кәсіпорындарының игілігі үшін студенттерді дайындау.
- Атом өнеркәсібі үшін мамандарды даярлау бойынша білім беру ұйымдарының оқу және әдістемелік жұмысын үйлестіру.
- Қазақстан Республикасы және алыс шетел ТМД оқу орындарымен ынтымақтастық.
Қазақстанның ядролық университетінің қорында:
- 35 тыңдаушыларға арналған конференц-зал;
- Уран технологиясының физикалық және химиялық процестері» және «Радиациялық қауіпсіздік» курстарының 15-20 тыңдаушыларға арналған зертханалар;
- «Радиациялық қорғау және қауіпсіздігі», «Өнеркәсіптік қауіпсіздік», және «Қауіпсіздікті сақтау және еңбекті қорғау» курстарына арналған мамандандырылған класс;
- 10-12 тыңдаушыға арналған компютерлік класс;
- Салалық тақырыптарды қамтитын 1600-дан астам әдебиеттердің электрондық кітапханасы.