ЖШС «ЖТИ» «Мансап» бөліміне қош келдіңіздер!

Қызметкерлерді іздеу Серіктестіктің құрылымдық бөлімшесінің жетекшісімен қызметкерлерді басқару Қызметіне берілетін қызметкерлерді таңдау өтінімі негізіндегі байқау басталғанға дейін 15 жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.

Қызметкерлерді іздеу келесі әдістердің бірімен жүзеге асырылады:

  • ішкі іздеу;
  • баспалық БАҚ-тағы хабарландырулар;
  • арнайы веб-сайттардағы хабарландырулар;
  • ресми ұжымдық веб-сайты мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ-ның  «Атом» ұжымдық газетіндегі хабарландырулар;
  • жұмыспен қамтылу агенттіктерінің көмегімен іздеу;
  • Серіктестіктің мәліметтер банкында іздеу.

Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлғалардан түйіндеме қабылдау

Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлғалар, соның ішінде Серіктестіктің қызметкерлері де, түйіндемені электрондық поштаға hratiht.kz  өткізеді.  

Таңдалған үміткерлердің кәсіби білімін тексеру

Қызметкерлерді басқару Қызметінің жұмыскері үміткерлерді бос лауазымға жұмысқа кіру үшін байқауға қатысуға және тестілеуден өтуге шақырады.

Байқау комиссиясымен таңдау

Қызметкерлерді басқару Қызметінің жұмыскері мен сәйкесінше құрылымдық бөлімшенің жетекшісі үміткерлермен бастапқы сұхбаттасу жүргізеді.

Үміткерлерді таңдау

Қорытынды сұхбаттасуда байқау комиссиясы ұсынылған құжаттардың негізінде үміткерлерді бағалайды және бос лауазымдарға жұмысқа кіру үшін таңдауды жүргізеді. Бос лауазымға жұмысқа кіру үшін үміткерлер байқаудың нәтижесінде анықталмаған жағдайда қайтадан байқау жарияланады.

Шешім қабылдау

Байқау комиссиясы ашық дауыс беру арқылы, қарапайым көпшіліктің дауысы арқылы шешім қабылдайды.

Еңбек қатынастарын рәсімдеу

Үміткерді жұмысқа алу туралы байқау комиссиясының оң шешім қабылдаған жағдайда үміткермен заңнамалық негізде бекітілген ретте еңбек шарты жасалады.